Еуропа Одағы «Ортақ қадам» бағдарламасын жалғастыру тәсіліне қатысты жылдам шешім қабылдауы керек
(last modified Mon, 11 Jun 2018 16:55:19 GMT )
Маусым 11, 2018 22:55 Asia/Almaty

Иран Телерадио бірлестігіне қарасты шетелдік торабының Хабар және сараптама кеңсесінің хабарлауы бойынша Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми республикалық және шетелдік тілшілермен «Ортақ қадам» бағдарламасы туралы дүйсенбі күні өткізген хабар брифингінде Американың осы халықаралық келісімнен заңсыз түрде шығуына байланысты Еуропа Одағы Иранның мүдделерін қамтамасыз ету үшін тиісті кепілдіктер беруі керектігін баса айтты.

Ғасеми сонымен қатар еуропалықтардың Иранның зымырандық бағдарламасы мен аймақтағы белсенділігіне қатысты алаңдаушылықтарына да тоқталып: «ИИР барлық елдердің консенсусы мен қатысуы арқылы қол жеткізілетін аймақтағы қауіпсіздік пен бейбітшілік және тұрақтылықты көздейді» деді.

Иранның дипломатиялық органының ақпарат хатшысы Америка президенті Дональд Трамптың Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ынмен Сингапурдағы ертеңгі кездесуіне де сілтеме жасап: «ИИР Корей түбегінде бейбітшілік пен тыныштықтың орнағанын қолдайды. Бірақ, Солтүстік Корея Америкамен байланыста қырағылықпен әрекет етуі керек. Себебі, Американың болмысы аса позитивті емес. Әлемдегі көптеген оқиғалар бұл болжамды растайды» деді. Ғасеми Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына  тұрақты мүшелікке өту талпынысын да тілге тиек етіп: «Иран Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында бақылаушы мүше ретінде тұрақты мүшелікке өтуді мақсат етуде. Бұл іс көбірек уақытты қажет етеді. Дегенмен, Иранның осы ұйымға тұрақты мүше болып өтуі үшін жақсы қадамдар жасалды» деді.