Джаһангири Иранда инвестицияның оң ағысын сақтау қажеттігін қуаттады
(last modified Tue, 12 Jun 2018 01:48:57 GMT )
Маусым 12, 2018 07:48 Asia/Almaty
  • Джаһангири Иранда инвестицияның оң ағысын сақтау қажеттігін қуаттады

Иранның бірінші вице-президенті Исхақ Джаһангири болжауға болатын барлық шектеулерге қарамастан Иранның санкциялармен күресіп, олардың әсерлерін азайту бойынша арнайы шешім қабылдай алатын көптеген әлеуеттерге ие екенін баса айтты.

Исхақ Джаһангири дүйсенбі күні Қарсыласу экономикасының басшылығы штабының отырысында инвестицияның Иранда оң үдерісті бастан өткеріп жатқанын, осы үдерістің қиындықтармен бетпе-бет келуіне рұқсат бермеу керектігін қуаттап, инвестиция ағысының Иранда оң болуы үшін шешім жолдарын табу туралы ойлануға шақырды.

Джаһангири Америка мен сионистік режимнің Иранға тағы санкция салып, қысым жасауды мақсат етіп отырғанына тоқталып, қазіргі қиындықтардан өту үшін барлық әлеуеттерді, соның ішінде жеке сектордың қоғамдық ұйымдарын қолдану арқылы саясаттар мен бағдарламалар дайындау керектігін қуаттады.

 

Тегтер