Аятолла Амоли Лариджани: Ислам үмбеті – ояу, қырағы әрі біртұтас
(last modified Tue, 12 Jun 2018 09:10:04 GMT )
Маусым 12, 2018 15:10 Asia/Almaty
  • Аятолла Амоли Лариджани: Ислам үмбеті – ояу, қырағы әрі біртұтас

Иранның Жоғары соты дүниежүзінің мұсылман халықтарының Әлемдік Құдс күніне жаппай қатысып, билеп-төстеуші үкіметтерге халықаралық тұрғыдан мұсылмандардың ояу, қырағы әрі біртұтас екені туралы жолдауды жеткізгенін қуаттады.

Аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күнгі сот басшыларының отырысында Иран халқының Құдс күнгі шеруге жаппай қатысуына алғыс білдіріп: "Құдс күні мен осы күнгі шараларды салтанатты өткізу – билікқұмар мемлекеттер үшін халықтар арасында немқұрайдылық пен хабарсыздықтың жоқ екендігі туралы қатерлі қоңырау",- деді.

Иранның Жоғары соты мұсылман халықтардың кезігіп отырған қиындықтарының бірліктің жоқтығы мен немқұрайдылықтан туындап отырғанына тоқталып: "Құдс күнгі шерулер ислам әлемінің өз-өзіне деген сенімі мен қарсыласу күшінің артуына себеп болды",- деп баса айтты.

Амоли Лариджани Палестина мәселесінің тек шектеулі бір халықтың ғана емес, бүкіл ислам әлемінің мәселесі екенін қуаттап: "Ислам елдері, әсіресе ИИР халқының қарсыласуы дұшпандарға, әсіресе АҚШ үшін қатерлі қоңырау",- деп баса айтты.