Иран үкіметінің баспасөз хатшысы: Трампқа сенуге болмайды
https://itolqyn.com/news/iran-i37732
Иран үкіметінің баспасөз хатшысы АҚШ Президенті мен Солтүстік Корея басшысының Сингапурдегі кездесуіне тоқталып: "Ұшағының ішінде Твиттердегі жазбасымен G7 саммитін тығырыққа тіреген АҚШ Президенті Дональд Трампқа сенуге болмайды",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 13, 2018 14:49 Asia/Almaty

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы АҚШ Президенті мен Солтүстік Корея басшысының Сингапурдегі кездесуіне тоқталып: "Ұшағының ішінде Твиттердегі жазбасымен G7 саммитін тығырыққа тіреген АҚШ Президенті Дональд Трампқа сенуге болмайды",- деді.

Иран үкіметінің  баспасөз  хатшысы Мұхаммад Бақер Ноубахт сейсенбі күнгі ақпарат отырысында Трампты АҚШ халқының өкілі емес деп атап: "АҚШ халқы  келесі сайлауда Трамптан еселерін алып, одан құтылады",- деді.

Ноубахт АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі Иранның кеңесулері туралы: "Иранмен келісімге қатысқан алты мемлекеттің тек біреуі ғана, атап айтқанда АҚШ қана шықты, бірақ ядролық келісімге қол қойған басқа елдер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу туралы ұстаным білдіруде",- деді.