Зариф: Канадада Иранға қатысты қате түсінік қалыптасқан
Иран Сыртқы істер министрі Канада Парламентінің Иранға қарсы бекіткен жобасына реакциясында: "Өкінішке орай, Канадада Иранға қатысты қате түсінік қалыптасқан. Сол түсінік әлі сақталып келеді",-деді.
Канада Парламентінің Өкілдер палатасы сейсенбі күні бір жоба бекітіп, осы елдің үкіметіне Иранмен саяси қарым-қатынас орнатуға бағытталған кез келген келіссөзді жалғастыруға тыйым салды.
Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Оңтүстік Африка республикасындағы Претория әуежайында тілшілерге берген сұхбатында: "Канада үкіметі ауысып, бұл үкімет саясатқа басқа көзқараспен қарай бастағанымен реакцияшылдар тарапынан саяси қысым жасау жалғасып жатыр",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі Зариф бұл саясаттардың Канадаға зиян тигізетінін және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау аясынан тыс екенін айтып, Батыс елдеріне ИИР-ға қатысты тәуелсіз саясат негізінде шешім қабылдауға кеңес беріп: "Батыс елдерінің аймақтағы одақтастары қателік жасап, қылмыстарға барды, бірақ олар қылмыстарға көз жұма қарап, өз одақтастары жасаған қылмыстарды Иран жасады деп негізсіз айыптап отыр",-деді.