Зангане: ОПЕК Трамптың бұйрығына бағынбайды
https://itolqyn.com/news/iran-i37884
ИИР-ның Мұнай министрі Зангане сейсенбі күні кешке Венада Мұнай экспорттайтын елдердің ұйымы (ОПЕК)-тің АҚШ Президенті Дональд Трамптың бұйрығына бағынбайтындығына тоқталып, мұнайды басқа елдерге қарсы қару немесе саяси құрал ретінде пайдалануға болмайтынын баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 20, 2018 14:49 Asia/Almaty
  • Зангане: ОПЕК Трамптың бұйрығына бағынбайды

ИИР-ның Мұнай министрі Зангане сейсенбі күні кешке Венада Мұнай экспорттайтын елдердің ұйымы (ОПЕК)-тің АҚШ Президенті Дональд Трамптың бұйрығына бағынбайтындығына тоқталып, мұнайды басқа елдерге қарсы қару немесе саяси құрал ретінде пайдалануға болмайтынын баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі  бойынша, Бижан Намдар Зангане: "Трамп ОПЕК-тің негізін құрған әрі маңызды мүшелері саналатын екі елге, атап айтқанда Иран мен Венесуэлаға санкция салып, мұнай нарығын қиындықтармен бетпе-бет келтірді",- деді.

Зангане Иран мен ОПЕК-тің кейбір басқа мүшелері үшін мұнай нарығының саяси болмағанының маңыздылығын қуаттап: "Егер мұнай нарығы сұраныс пен ұсыныс қағидаттарына негізделсе, тұтынушы мен өндірушінің мүддесіне сай болады. ОПЕК-тің әрбір шешімі барлық мүшелерінің дауысы негізінде қабылданады",- деді.