Джахангири: Иран қайта құру кезеңінде Сирияның қасында болады
(last modified Wed, 20 Jun 2018 09:02:22 GMT )
Маусым 20, 2018 15:02 Asia/Almaty
  • Джахангири: Иран қайта құру кезеңінде Сирияның қасында болады

Иранның Вице-президенті Иран үкіметі мен халқының лаңкестік топтармен күресі кезінде Сирия үкіметі мен халқының қасында болғаны сияқты қайта құру кезеңінде де Сирия халқының қасында болатынын қуаттады.

Исхақ Джахангири сейсенбі күні Сирияның Экономика және сауда министрі Мохаммад Самер әл-Халилмен Теһрандағы кездесуінде: "Ирандық компаниялар Сирияны қайта құру үшін жан-жақты салаларға қатысуға дайын. Бұл мәселе екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтар мен банктік проблемаларды шешуді қажет етеді",- деді.

Иран Вице-президенті Иранның үшжақты, яғни Иран-Ирак-Сириямен арадағы экономикалық ынтымақтастықтарға қатысты келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеп: "Теһран, Дамаск және Бағдадтың үшжақты ынтымақтастықтары үш елдің сауда қарым-қатынастарын дамытуға оң әсерін тигізе алады",- деді.

Сирияның Экономика және сауда министрі Мохаммад Самер әл-Халил де Сирияда Иран банкінің бөлімшесін ашу және сауда айналымында екі елдің ұлттық ақшасын пайдалануды банктік мәселелерді шешетін жолдардың бірі деп атап, елінің Иран, Сирия және Иракпен үшжақты экономикалық және сауда ынтымақтастықтары мен үш елдің темір жолдарын бір-біріне қосуға дайын екенін хабарлады.

 

 

Тегтер