Жетекші Мәжіліске лаңкестік және ақшаны жылыстатумен күресте тәуелсіз түрде заң қабылдауды тапсырды
(last modified Wed, 20 Jun 2018 14:05:08 GMT )
Маусым 20, 2018 20:05 Asia/Almaty

Иран Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісін батылдық пен кемелдік және көрегендікке ие деп атап, оның лаңкестік немесе ақшаны жылыстатумен күрес сияқты тақырыптарда тәуелсіз түрде заң қабылдауы керектігін қуаттады.

Иран Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бүгін сәрсенбі күні таңертең Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы мен өкілдері және бірқатар қызметкерімен кейбір халықаралық конвенциялар мен келісімдермен қатынас жасағанда дұрыс жолды анықтау туралы өткен кездесуде: «Бұл келісімдер алдымен алпауыт елдердің интеллектуалды институттарында солардың мүдделері мен басымдылықтарын қамтамасыз ету үшін дайындалып, кейін одақтас мемлекеттердің қосылуымен немесе оларды соңдарынан ертумен, я болмаса қорқыту арқылы  халықаралық формаға келтіріледі. Иран сияқты бір тәуелсіз ел егер оларды қабылдамаса, оған қатаң шабуыл жасап: «150 ел қабылдағанда сендер неліктен оны қабылдамайсыңдар?» дейді" деді.  

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі халықаралық үстемшілдердің пасық болмыстарының күннен күнге әшкереленіп жатқанына тоқталып, Америкада мыңдаған баланы мигрант ата-аналарынан айуандықпен айырып жатқан әрекеттерінің жүректі ауыртатынын айтты.   

Хазірет дамыған қару-жараққа ие бірнеше елдің бір айлақты Йеменнің мазлұм халқының қолынан тартып алу үшін жасап жатқан қанқұйлы шабуылдарын әлемдік зорлықшыл елдердің пасық болмыстарының келесі үлгісі деп атап: «Адамзаттың дұшпандары Иран халқының табандылығы мен әділет талап етушілігіне байланысты ИИР мен де жауласып отыр. Бірақ Иран халқы илаһи мейіріммен ішкі күш-құдіретті сақтау арқылы Америка мен басқа да дұшпандарды жеңеді. Құранға сәйкес, қылмыскерлердің ешбір уәдесі мен келісімдеріне сенуге болмайды. Бұл ақиқатқа бүгін Иран халқының көзі жетіп отыр» деді.