Бригада генералы Салами: Дұшпан Иранмен соғысатын барлық әлеуетінен айрылған
(last modified Fri, 22 Jun 2018 13:02:29 GMT )
Маусым 22, 2018 19:02 Asia/Almaty
  • Бригада генералы Салами: Дұшпан Иранмен соғысатын барлық әлеуетінен айрылған

Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары дұшпанның Иранмен соғысу үшін барлық әлеуетінен айрылғанын айтып: "Дұшпан титықтады, сондықтан жақын құриды",- деді.

Бригада генералы сардар Хосейн Салами бейсенбі күні кешке Машһадтағы Фердоуси атындағы университетте дұшпандардың Иранға қарсы соғыспауының себебін ислам республикасының қуаты деп атап: "Дұшпанның барлық стратегиялық компоненттері ислам республикасының ықтиярында. Дұшпандар Иранмен соғыстың әлемдік аспектерге ие екенін және әлемдегі билікті өзгертетінін жақсы біледі.

Америкалықтар Сирия мен Иракта 7000 миллиард доллар жұмсағанына қарамастан президенттерінің айтуынша одан ешқандай пайда көріп отырған жоқ. Бұл Иранның аймақтық өзгерістерде жеңіске жеткенін көрсетеді.

Исламдық қарсыласу қозғалысы сионистік режим шекараларының маңында қалыптасты. АҚШ пен Батыс елдері осы халықаралық деңгейдегі исламдық құдіретпен күресте қауқарсыз",- деді.