Аятолла Шахруди: АҚШ Президенті – үйлесімсіз, қорқақ адам
(last modified Sun, 24 Jun 2018 09:20:30 GMT )
Маусым 24, 2018 15:20 Asia/Almaty
  • Аятолла Шахруди: АҚШ Президенті – үйлесімсіз, қорқақ адам

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы АҚШ Президентінің үйлесімсіз, қорқақ адам екенін айтып: "Дональд Трамп саудагерлік тәсіл және жанжалдарымен аймақтағы өзінің қаржы-экономикалық мүдделерін көздеп отыр",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, аятолла сейіт Махмұт Хашеми Шахруди Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының сенбі күнгі отырысында: "АҚШ-тың халықаралық келісімдерге қатысты қисынсыз қимыл-әрекеттері бұл елдің беделіне одан ары сызат түсіріп, әлемдіктердің АҚШ-қа сенімсіздікпен қарауына себеп болды",-деді.

Аятолла Шахруди дұшпанның қастандықтарымен күресудің жолын біртұтастықты сақтап, қырағылық таныту деп атап: "Иран халқы қырағылық пен хабардарлық танытуда теңдессіз. Бұл халық қарсыласу рухы мен өз құндылықтарына табандылықты сақтай отырып, Трампты оның алдындағы басшылар сияқты жеңіліске ұшыратады",-деді.