Рухани: Иран халқы ерік-жігерлер күресінде АҚШ-ты жеңеді
https://itolqyn.com/news/iran-i38079
ИИР Президенті сәрсенбі күні Иран халқының басқыншы әрі зорлықшыға ешқашан бас имегенін және имейтінін айтып: "Ирандықтар ерік-жігерлер күресінде АҚШ-ты жеңеді",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 28, 2018 13:15 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқы ерік-жігерлер күресінде АҚШ-ты жеңеді

ИИР Президенті сәрсенбі күні Иран халқының басқыншы әрі зорлықшыға ешқашан бас имегенін және имейтінін айтып: "Ирандықтар ерік-жігерлер күресінде АҚШ-ты жеңеді",-деді.

Хасан Рухани Иран үкіметі жоғары лауазымды басшыларының пікірлесу отырысында АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына тоқталып: "Осы оқиғадан кейінгі 51 күн ішінде әлемнің барлық елдері Трамп пен АҚШ басшыларын айыптады, алайда ешкім ИИР-ның кері шегінгені немесе санкциялардан қорыққаны туралы сөз айтпады, керісінше барлығы Иранның көрегендігі мен қырағылығы жайында сөз қозғады",-деді.

ИИР Президенті АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты жаңа ұстанымына қарсы ИИР-ның алдында АҚШ-қа тізе бүгу, ішкі қайшылықтардың жалғасуымен бірге АҚШ-қа қарсы тұру және ішкі қайшылықтарды жалғастырмай, ұлттың қадір-қасиетін сақтап АҚШ-қа қарсы тұру деген үш шешім жолының тұрғанын айтып: "Иран халқы үшінші жолды таңдады. Ол АҚШ-ты ерік-жігерлер күресінде тізе бүктіреді",-деді.