Ғасеми: Иран өзінің әлеуеттеріне сүйеніп, АҚШ-тың санкцияларына қарсы тұрады
https://itolqyn.com/news/iran-i38085-Ғасеми_Иран_өзінің_әлеуеттеріне_сүйеніп_АҚШ_тың_санкцияларына_қарсы_тұрады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы америкалық басшылардың Иран мұнайын сатуды тоқтату туралы сөздеріне реакциясында: "Иран ішкі әлеуеттеріне сүйеніп, халықаралық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, АҚШ-тың санкцияларына қарсы тұрады",-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 28, 2018 23:32 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иран өзінің әлеуеттеріне сүйеніп, АҚШ-тың санкцияларына қарсы тұрады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы америкалық басшылардың Иран мұнайын сатуды тоқтату туралы сөздеріне реакциясында: "Иран ішкі әлеуеттеріне сүйеніп, халықаралық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, АҚШ-тың санкцияларына қарсы тұрады",-деді.

Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Иран қысымдарға қарамастан өзінің бейбіт саясаттары мен лаңкестікпен күресті жалғастырып, аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында бұрынғыдай талпыныс жасайды",-деп қуаттады.   

АҚШ Мемлекеттік департаментінің бір қайраткері сейсенбі күні Вашингтонның барлық елдерден Ираннан мұнай импорттауды 2018 жылдың қараша айынан бастап тоқтатуды сұрағаны айтты.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың жеңіліс тапқан біржақты саясаттарын күшейте де, жалғастыра да алмайтынын айтып: "АҚШ әлемдегі өзінің бұрынғы орнын жоғалтқанын білуі тиіс. Трамптың саясаттары АҚШ-ты әлемде тағы да ондаған триллион доллар қаржына жаһандық шындықтар мен ақылға сыймайтын жұмыстар атқаруға жұмсап, ақырында жеңіліске ұшырайтын жолға бағыттайды",-деді.