Жетекші Иран халқының адам құқығын қорғау туралы уәж айтатындарға қоятын талаптарын жария етті
(last modified Thu, 28 Jun 2018 17:51:31 GMT )
Маусым 28, 2018 23:51 Asia/Almaty
  • Жетекші Иран халқының адам құқығын қорғау туралы уәж айтатындарға қоятын талаптарын жария етті

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иранның Жоғары соты басшыларымен кездесуінде адам құқығы мәселесі бойынша Иранның Батыс қылмыскерлеріне қоятын сұрағының көп екенін мәлімдеді.

Аятолла Хаменеи сәрсенбі күні өткен осы отырыста Иран Жоғары сотының дұшпандардың зорлық-зомбылықтарының алдында Иран халқының құқықтарын қорғауға бағытталған белсенділіктерін жалғастыра беруі қажеттігін қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ, АҚШ-тың әлемнің әртүрлі аймақтарында адам құқығы саласында тудырған апатты жағдайлары және француздар мен британдықтардың өткен онжылдықтарда Африка құрлығы мен Үнді түбегінде жасаған қылмыстарына тоқталып: "Дәл осы жылдардағы батыстықтардың ДАИШ-ты қолдауы мен Сирия, Мьянма және басқа аймақтардағы қылмыстары адам құқығы туралы уәж айтатындардың өтіріктерін білдіреді",-деді. Ислам революциясы  жетекшісінің  Иранның Жоғары соты басшыларымен кездесуінде айтқан сөздері осы органның әділет орнату және залымдардың алдында мазлұмдардың құқықтарын қорғаудағы ауыр да сезімтал жауапкершілігін еске түсірумен қоса, басқа қырлардан да өте маңызды.  Ислам революциясы жетекшісінің Батыстың адам құқығы мәселесіне екі қырдан қарайтындығына тарихи деректер келтіре сілтеме жасауы шын мәнінде осы саладағы әлемдік міндеттемелерді орындаудың қажеттігін көрсетеді.

 

Осы жауапкершіліктің бір бөлігі – қоғамдық пікірге әлемдегі әділетсіздіктердің факторлары мен себепкерлерін таныстыру.

Бұл салада тарихта айқын құжаттар бар. Батыс тарапынан отарланған елдердің тарихына шолу жасағанда жалған уәж айтушылардың осы уақытқа дейін сансыз қылмыс жасағанын көруге болады. Тарихи құжаттар отарлыққа қарсы тәуелсіздік талап етуші соғыстар басталғанда Батыс ақпарат құралдарының Африка халқын қатігез, өркениеттен жұрдай, адам жегіш тайпалар түрінде қалай таныстырғанын көрсетеді.

Қазіргі таңда АҚШ сол нәсілшілдік түсінігімен адам құқығын өзінің саяси мақсаттарына жетудің құралына айналдырды. АҚШ-тың көзқарасы бойынша, қара нәсілді адам түсіну мен түйсіну қабілетінен кенде. Сондықтан оны өлтіруге және қорлауға болады. АҚШ Президенті Дональд Трамптың қатігез қатынасы мен нәсілшіл шешімдері осындай түсініктің әлі де сақталып отырғанын дәлелдейді. Еуролықтар, соның ішінде Ұлыбритания мен Франция америкалық үнділерді жойған тәсілдермен африкалық өркениеттерді жоюға кірісіп, ешбір қылмыстан, соның ішінде микробтық қаруларды сынап, геноцид жасап, әйелдер мен балаларды өлтіруден тайынбады.

Африканың Ұлттық Конгресі басшыларының бірі Оливер Тамбо халықаралық қауымдастықтан Претория режиміне Нельсон Манделаны босату үшін қысым жасауды сұрады. АҚШ Президенті Рональд Рейган мен Ұлыбританияның сол кездегі Премьер-министрі Маргарет Тетчер Оңтүстік Африка нәсілшіл режиміне экономикалық санкция салынуының алдын алу үшін апартеид режимді айыптайтын қарарға вето жариялады. Сонымен қоймай, олар ешқашан адам құқығын қорғау туралы уәждерінен бас тартпады.

АҚШ-тың өткен 40 жылда Иранның ішкі ісіне араласып, қылмыстар жасағаны және адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылардың қылмыскер Саддам мен "Мұнафықтар" лаңкестік тобын қолдағаны Иран халқы үшін жасырын емес. Саддам режиміне химиялық қару беруі, Парсы шығанағындағы америкалық әскери кемеден зымыран атып Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағын құлатуы және экономикалық қиыншылықтар тудыруы АҚШ-тың қара даққа толы тарихының бір бөлігі болып табылады.

Шындық мынада: адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын АҚШ пен Еуропа –  көптеген соғыстар мен әділетсіздіктердің себепкерлері. АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстан, Ирак пен Сирияны лаңкестердің ойран салатын жеріне айналдырды.  Бұлар –  Ислам революциясының жетекшісі меңзеген шындықтардың бір бөлігі. Аятолла Хаменеи сенуге және сезуге болатын шындықтар мен ақиқаттардың қоғамдық пікірге жеткізілуі тиістігін баса айтты.