Зариф: АҚШ халқы өз басшыларының әділетсіздігінен шаршады
(last modified Fri, 29 Jun 2018 11:51:38 GMT )
Маусым 29, 2018 17:51 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ халқы өз басшыларының әділетсіздігінен шаршады

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ халқының өз басшыларының жемқорлығы, әділетсіздігі мен біліксіздігінен шаршағанын, әлемнің олардың жанайқайын естіп жатқанын айтып: "ИИР АҚШ үкіметінің шерушілерді басып-жаншуы мен түрмеге қамауын, мигранттарды жанұяларынан бөліп, олардың балаларын қамаудағы мағынасыз саясаттарын жалғастыруын айыптайды",-деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сәрсенбі күні Конгрестің Сенат палатасында өзінің еуропалық әріптестерімен ИИР-ға қарсы тұру туралы кеңесетінін хабарлап, АҚШ-тың Иранның Ирактағы ықпалын азайта алатынын айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі жеке парақшасында АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірнеше күн бұрын Иранға қарсы айтқан уәждері мен айыптауларына жауап беріп, АҚШ үкіметінің өз азаматтарының байлығын құртып жатқанына тоқталып: "АҚШ үкіметінің Ирак пен Ауғанстандағы әрекеттері, Израиль мен аймақта лаңкестікті демеуші  басқа да режимдерді соқыр сеніммен қолдауы немесе олардың ядролық арсеналын жөнсіз көбейтуі тек АҚШ халқының қиыншылықтарының артуына себеп болып отыр",-деді.