Пәкістан Армиясы штабының басшысы мен Иранның Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары кездесті
Пәкістан Армиясы штабының басшысы мен Иранның Сақшылар корпусы бас қолбасшысың орынбасарының кездесуінде шекаралық ортақ қоқан-лоққылармен күрес және аймақтық түйткілдерге қарсы ортақ шеп құру қажеттігі қуатталды.
Sepah News агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Хосейн Салами бүгін сенбі күні Теһранда Пәкістан Армиясы штабының басшысы Балал Акбармен кездесуде ИИР мен Пәкістанның екіжақты байланыстарды нығайтып, кеңейтуге қатысты мүмкіндіктерін бүгінгі байланыстардың көлемінен артық деп бағалады.
Ислам реовлюциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Пәкістанның Йеменге қарсы коалицияға енбеуін зяиткерлік әрі батыл әрекет деп мадақтап, осы ел армиясының Иранмен ортақ шекаралардың қауіпсіздігіне көңіл аударуына алғыс айтып, аймақтағы қауіпсіздік саласындағы қоқан-лоққылардың Америка мен сионистік режимнің қылмыстарынан туындап отырғанына тоқталды.
Пәкістан Армиясы штабының басшысы Иранға жасаған сапары мен Армия мен Сақшылар корпусының басшыларымен кездесуіне ризашылық білдіріп: «Иран мен Пәкістан шекараларда ортақ қауіп-қатерлерге ие. Екі елдің мүдделері мен қорларын сақтау үшін Пәкістан мен Иранның қорғаныс, әскери, қауіпсіздік күштерінің нақты да байсалды серіктестік жасау тақырыбы күн тәртібіне қойылып отыр» деді.