Ауғанстан мен Пәкістанға 140 миллион долларға тауар экспортталды
https://itolqyn.com/news/iran-i38117
Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан-Балучистан облысының Өнеркәсіп, кен және сауда ұйымының басшысы Надер Миршакер 2017 жылмен салыстырғанда бұл облыстың көршілес елдерге экспорттаған тауар мөлшерінің 50 пайызға артқанын хабарлап:
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 01, 2018 22:39 Asia/Almaty
  • Ауғанстан мен Пәкістанға 140 миллион долларға тауар экспортталды

Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан-Балучистан облысының Өнеркәсіп, кен және сауда ұйымының басшысы Надер Миршакер 2017 жылмен салыстырғанда бұл облыстың көршілес елдерге экспорттаған тауар мөлшерінің 50 пайызға артқанын хабарлап:

"2018 жылдың өткен үш айында Систан-Балучистан облысы Ауғанстан мен Пәкістанға 140 миллион долларға тауар экспорттады. Биылғы экспорттың қомақты бөлімін құрылыс материалдары, азық-түлік пен мұнай-химиялық өнімдер құрады. Экспортталған тауардың 60 пайызы Пәкістанға, 40 пайызы Ауғанстанға жіберілді",- деді.