АҚШ, сионистік режим мен Сауд режимі Иранның экономикасына соққы беруді көздеуде
Иран Вице-президенті Джаһангири АҚШ пен сионистік режим мен саудиялықтардың Иранның экономикалық дамуын тоқтатуға әрекет жасағанымен нәтижеге жетпейтінін баса айтты.
Исхақ Джаһангири Өнеркәсіп және кен республикалық күніне арналған Теһранда өткен рәсімде аймақтың кейбір үкіметтерінің Иранның экономикалық белсенділеріне кедергі жасауына тоқталып: "Бұл мемлекеттер Иранның валютамен қамтамасыз ету саласында қиындықтар тудыруда, бірақ олар аймақта абыройдан айырылады",- деді.
Иран Вице-президенті АҚШ-тың Иранға қарсы қастандықтарына тоқталып: "Иранның мұнай сатуын тоқтатып, ирандық экспортерлерге қиындық тудыру – АҚШ-тың Иранның экономикасына қарсы қастандықтарының бірі. Бірақ Иран үкіметі оған қарсы тұратындай шара ойластырды. Иран үкіметі америкалықтардың елдің мұнай сатуын тоқтатуына өкінетіндей әрекет етеді",- баса айтты.