Зариф Германияда ирандық дипломаттың қамауға алынуына реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/iran-i38135-Зариф_Германияда_ирандық_дипломаттың_қамауға_алынуына_реакция_білдірді
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф "Мұнафеқин" лаңкестік тобының Париждегі отырысына бомба қойылды деген негізсіз іске қатысы бар деген сылтаумен Германиядағы ирандық дипломаттардың бірінің қамауға алынуына реакция білдіріп: "ИИР кез келген жерде орын алған лаңкестік пен зорлық-зомбылық әрекетті айыптайды",- деп жазды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 03, 2018 14:17 Asia/Almaty
  • Зариф Германияда ирандық дипломаттың қамауға алынуына реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф "Мұнафеқин" лаңкестік тобының Париждегі отырысына бомба қойылды деген негізсіз іске қатысы бар деген сылтаумен Германиядағы ирандық дипломаттардың бірінің қамауға алынуына реакция білдіріп: "ИИР кез келген жерде орын алған лаңкестік пен зорлық-зомбылық әрекетті айыптайды",- деп жазды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР-ның бұл мәселеге қатысты барлық алаңдаушылықтарға жауап беруге дайын екенін баяндап: "Иран Президенті Хасан Рухани  бастаған ирандық делегацияның Еуропа сапарымен тұспа-тұс ирандық азаматтың қамауға алынуы таңғалдырарлық жайт",- деді.

Зарифтың айтуынша, Иран Президентінің Швейцария мен Австрия  сапары Иранның қарсыластарын Хасан Руханидің кездесулері мен кеңесулерін әсерсіз қалдыру үшін әрекеттенуге мәжбүрледі.