Иран саудиялық коалицияның йемендік әскери емес халыққа қарсы шабуылдарының жалғасуын айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i38149
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы жазықсыз йемендіктердің қаза болуы мен жарақат алуына себеп болған саудиялық коалицияның әскери ұшақтарының Йеменнің Сааде облысындағы үйлену тойына жасаған шабуылын айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 04, 2018 14:36 Asia/Almaty
  • Иран саудиялық коалицияның йемендік әскери емес халыққа қарсы шабуылдарының жалғасуын айыптады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы жазықсыз йемендіктердің қаза болуы мен жарақат алуына себеп болған саудиялық коалицияның әскери ұшақтарының Йеменнің Сааде облысындағы үйлену тойына жасаған шабуылын айыптады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз орталығының мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми Йеменнің Сааде облысындағы саудиялық коалицияның адамгершілікке жат әрекеті құрбандарының отбасыларына көңіл айтып: "Шапқыншылар бұл қылмысымен соғыс қылмыстарын арттырды. Сауд Арабиясының Йемен халқына қарсы бірнеше жылдық соғысы шапқыншылардың соғыс майданында сәтсіздікпен бетпе-бет келген кезде әуе шабуылдарын күшейтіп, Йеменнің жазықсыз әйелдері мен балаларынан кек алатынын көрсетеді",- деді.