Шіл 05, 2018 14:55 Asia/Almaty
  • Франция мен Бельгия елшілері және Германияның сенімді өкілі Иран СІМ-не шақырылды

ИИР СІМ сәрсенбі күні Германиядағы бір ирандық дипломаттың "Мұнафеқин" лаңкестік тобының Париждегі басқосуын бомбалауға талпыныс жасады деген жалған айыптаумен тұтқындалуына наразылық білдіріп, Теһрандағы Франция мен Бельгия елшілерін және Германияның Ирандағы сенімді өкілін шақыртты.

Иран СІМ-нің Саяси істер жөніндегі орынбасары Сейіт Аббас Арақчи Ирандағы Франция елшісі және Германияның сенімді өкілімен кездесуінде ИИР-ның ирандық дипломаттың құрықталуына қатысты наразылығын білдіріп, Вена конвециясына сәйкес, дипломаттардың иммунитетке ие екендігін баса айтып, ИИР дипломатын ешқандай шартсыз тез арада босатуды сұрады.

Арақчи Иран президентінің Еуропа сапарымен бір мезгілде және Иран мен "бестік тобы" СІМ-лерінің отырысы қарсаңында орын алған және АҚШ пен сионистік режимнің мақсаттарына сай аталмыш отырысқа әсер етуді көздеген бұл оқиғаны Иран мен Еуропа арасындағы қатынастарды бүлдіру үшін жасалып жатқан қастандық деп атады.

Ирандағы Франция мен Бельгия елшілері және Германияның сенімді өкілі бұл мәселені тез арада өз елдерінің басшыларына жеткізетіндігін баса айтты.

 

 

Тегтер