Зариф Еуропадан «Ортақ қадамға» қатысты ерік-жігерін іс жүзінде көрсетуді сұрады
Шіл 05, 2018 18:22 Asia/Almaty
Иран СІМ «ИИР президентінің Еуропа сапарында «Ортақ қадамға» қатысты міндеттемелер айқын болды. Бірақ ерік-жігерді іс жүзінде көрсету қажет» деп жазды.
Мохаммад Джавад Зариф Твиттерде ИИР президенті Хасан Руханидің Австрия мен Швейцарияға жасаған сапарлары туралы жазбасында: «Еуропа Одағының басшылығына ие австриялықтармен және осы елдің сауда қоғамымен өткен келіссөздер нәтижелі болып, «Ортақ қадамға» қатысты міндеттемелер айқын көрінді. Бірақ, ерік-жігерді іс жүзінде көрсету қажет» деді.
ИИР-ның президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні елінің жоғары деңгейлі делегациясын бастап, еуропалық екі ел – Швейцария мен Австрияға сапармен барып, бүгін бейсенбі күні Теһранға оралды.
Тегтер