Еуропаның үмітсіздік тудыратын ұсыныстарын сараптау
https://itolqyn.com/news/iran-i38174
ИИР Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойған Иран мен басқа елдердің Сыртқы істер министрлерінің Венада өтетін отырысы қарсаңында Германия Канцлері және Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін Иранға жасаған ұсыныстар пакетін үмітсіздік тудыратын ұсыныстар деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 06, 2018 23:27 Asia/Almaty
  • Еуропаның үмітсіздік тудыратын ұсыныстарын сараптау

ИИР Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойған Иран мен басқа елдердің Сыртқы істер министрлерінің Венада өтетін отырысы қарсаңында Германия Канцлері және Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін Иранға жасаған ұсыныстар пакетін үмітсіздік тудыратын ұсыныстар деп атады.

ИИР Президенті Германия Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесуінде еуропалық мемлекеттердің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты ұсыныстар пакетіне тоқталып, оны үмітсіздік тудыратын ұсыныстар деп атап: "Егер Венада өтетін еуропалық мемлекеттер министрлерінің отырысының жұмысы Иранды ынтымақтастық жасап, ортақ жұмыстарды жалғастыруға жігерлетіндіретін болса, Еуропамен ынтымақтастықты жалғастырамыз",- деді. Иран Президенті сондай-ақ, бейсенбі күні Франция Президенті Эмануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесуінде Иранның еуропалық үш мемлекеттің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты ұсыныстарының тиімсіздігіне тоқталды. Руханидің Венада "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысынан бұрын еуропалық үш елдің екеуінің, атап айтқанда Франция мен Германия басшыларымен сұхбаттасуы еуропалықтар үшін еуропалықтарға айқын әрі маңызды жолдауды жеткізеді. Егер бүгін жұма күні өтетін отырыста Иранның күткені мен талаптары қамтамасыз етілмесе, Иран Еуропамен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша ынтымақтастық жасамайды. Иран Президентінің Германия мен Франция басшыларымен келіссөздер жүргізуі еуропалық үш мемлекеттің Иранға ұсынған пакетінің іс жүзінде емес, тек сөз жүзінде екенін көрсетеді.  АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін экономикалық, банктік және мұнай  салаларында, сондай-ақ инвестиция салатын компанияларға қиындықтар тудырды. Сондықтан қиындықтардың орындарын толтыру үшін еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалудағы ерік-жігерлері жүзеге асырылуы қажет. Өйткені, бұрынғы мәлімдемелермен қанағаттанып, оларды ұсыныс пакеті ретінде қайталаумен АҚШ шығып кеткен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жалғасуы мүмкін емес.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні ирандық делегацияның Вена сапарының соңында: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табандылық анықталды, енді бұл ерік-жігерді амалға айналу керек",- деп баса айтты.

Еуропаның АҚШ-қа экономикалық және саяси тұрғылардан тәуелді болуы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының оларды бір-бірінен айыру талаптарынан жоғары. Осы салада университет ұстазы әрі халықаралық қарым-қатынастар маманы Махмуд Сариғалқалам: "Еуропа мен АҚШ-тың саясатын бір-бірінен айыруға болмайды. Еуропа мен АҚШ-тың саясаты, қауіпсіздігі мен мәдениеті бір-бірімен байланысты",- деді.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілі Хасан Камран Дастджерди "Иран Парс" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға қатысты Еуропаның Иранға берген ұсыныстары туралы: "Еуропаның көптеген елдердегі, соның ішінде Иранға бұрынғы әрекеттері олардың тек өз мүдделерін ойлайтындығын, басқа елдердің қиындықтарын шешуге жақсы нұсқаны ұсынбайтындықтарын көрсетеді",- деді.

Еуропалықтардың бұрынғы тәжірибесі АҚШ-қа ұқсас, сондықтан оларға да сенім артуға болмайды. Олар өз мүддесі мен АҚШ-тың саясатының негіздері бойынша әрекет етеді. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты елдердің Сыртқы істер министрлерінің Венадағы отырысы еуропалықтар үшін аталмыш келісімді сақтап қалу үшін соңғы мұрсат болуы мүмкін. Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Арақчи айтқандай, Еуропа қазір "жан сақтау бөлмесіндегі" жағдайдай.