Амир Абдуллахиан: Иран Палестинаны қолдауды жалғастырады
(last modified Sun, 08 Jul 2018 09:45:20 GMT )
Шіл 08, 2018 15:45 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран Палестинаны қолдауды жалғастырады

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша Иран Ислам Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Хосейн Амир Абдуллахиан сенбі күні кешке Теһрандағы Палестина елшісі Салаһ әз-Зававимен кездесуінде сөйлеген сөзінде: "ИИР Палестинаны қолдауды жалғастырады. Иран Ислам Республикасы Палестина мәселесі бойынша артқа шегінбейді",- деп баса айтты.

Әз-Завави де кездесу барысында Палестина мәселесінің мұсылман үмбеті істерінің ең басында тұруы қажеттігін айтып АҚШ президенті Дональд Трампты халықаралық сионизмнің талап-тілектерін орындаушы деп атады.

Теһрандағы Палестина елшісі америкалық "Ғасыр мәмілесі" атты жобаға сілтеме жасап: "Палестина басшылары мен халқы бұл жоспарға қарсылық танытуда. Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындауы оның Құдстың тарихы мен оның Ислам дінінде алатын орнына қатысты надандығы мен ақымақтығынан туындап отыр",- деді.

Америкалық "Ғасыр мәмілесі" жоспарына сәйкес, Құдс сионистік режимнің ықтиярына беріледі, ал басқа мемлекеттердегі палестиналық босқындар оған қайта оралу құқығынан айрылып, Палестинаға тек Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторы ғана тиесілі болады.

 

сале