Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Иран халқының 26 ақпанда өтетін Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлауларға кең ауқымды қатысуын дұшпандардың қастандықтарына қайтарылатын мықты жауап деп атады.
Аятолла Мұхаммад Имами Кашани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында 26 ақпан сайлауының ИИР-ның жүйесін нығайтуда маңызды рөл атқаратынын қуаттап: «Халықтың бірлігі, әсіресе ирандықтардың дауыс беру учаскелеріне жаппай келуі үстемшіл күштердің Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлауларға қарсы дұшпандық әрекеттерін залалсыздандырады»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері азаттық сүюші әрі ақиқат талап етуші барлық жандарды, әсіресе Иран халқын Ислам революциясы жеңісінің отыз жетінші жылдығының жақындауымен құттықтап: «Имам Хомейни қозғалысының жеңіске жетіп, Ислам революциясының жеміс беруіне себеп болған басты фактор – Иран халқының біртұтастығы»,-деді.
Теһран жұма намазының уақытша құтпагері АҚШ-тың саясаты, Израильдің жоспары және Сауд Арабиясының қаржылай қолдауын әлем мен аймақта саяси, әскери және ақлақтық бейберекеттіктердің себептері деп атап: «Дұшпандар Иранға ықпал етуге, аймақтық елдердің, соның ішінде Сирия, Ливан, Ирак, Палестина мен басқа да елдердің қауіпсіздігін бұзуға күш салуда, бірақ ақырында бұл жолда жеңіліс табады.
Исламның атын жамылып аймақта әрекет етіп жатқан тәкфірлік-лаңкестік топтардың қимыл-әрекеттері – дұшпандардың ислам өркениеті мен идеясын жоюға бағытталған жоба. Мұсылман халықтар бұл мәселеге көңіл бөліп, дұшпандардың қастандықтарын залалсыздандыруға күш салуы тиіс»,-деді.