Иран СІМ-нің Еуропаның Теһранға берген міндеттемелері туралы есебі талқыланды
(last modified Mon, 09 Jul 2018 13:40:30 GMT )
Шіл 09, 2018 19:40 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің Еуропаның Теһранға берген міндеттемелері туралы есебі талқыланды

Жексенбі күні кешке Иран президенті Хасан Рухани жетекшілік еткен министрлер кабинетінің отырысында Сыртқы істер министрлігінің Иранның жуырдағы еуропалықтармен өткізген келіссөздері мен олардың "Ортақ қадамға" қатысты ұсынған міндеттемелер пакеті жайлы есебі талқыланды.

Иран президенті аппаратының ақпарат тарату торабының мәліметіне сәйкес, Министрлер кабинеті отырыста Иранның атқарушы аппараттарының әрқайсысының жауапкершілігін бөлумен қатар, әрбір органның міндеті Еуропа елдерінің берген міндеттемелерін жүзеге асыруын қадағалау екенін баса айтты.

Еуропа одағы кеше мәлімдеме жариялап, жұма күні Венада өтен "Ортақ қадам" бағдарламасы ортақ комиссиясының отырысына сілтеме жасап, АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуына қарамастан, банктік қатынастарды сақтап қалу, Иранның мұнай мен газ саудасын жалғастыру мен Иранда инвестиция салу үшін қолайлы жағдайлар жасауға басымдық берілетінін қуаттады.

Осы мәлімет бойынша, "бестік тобы" Иранмен ынтымақтастығын жалғастыруы үшін Вена отырысы айқын әрі елеулі шешім жолдарына қол жеткізуі керек.