Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі бүгін Мәскеуге сапар шегеді
https://itolqyn.com/news/iran-i38223-Ислам_революциясы_жетекшісінің_халықаралық_істер_жөніндегі_кеңесшісі_бүгін_Мәскеуге_сапар_шегеді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаятидің Иран Сыртқы істер министрлігі жауапты басшыларынан құрылған топты басқарып, Мәскеуге аттанатынын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T23:12:26+00:00 )
Шіл 11, 2018 16:32 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі бүгін Мәскеуге сапар шегеді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаятидің Иран Сыртқы істер министрлігі жауапты басшыларынан құрылған топты басқарып, Мәскеуге аттанатынын хабарлады.

Бахрам Ғасеми сейсенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісінің Мәскеу сапарын өте маңызды деп атап,  Велаятидің Ислам революциясы  жетекшісі мен Иран Президентінің жолдауларын Ресей Президенті Владимир Путинге жеткізетінін мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі Иранның көзқарастары мен ұстанымдарына тоқталып: "Трамптың стратегиялық қателіктері және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуынан кейін Иран арнайы өкілдерін аттандырып, АҚШ-тың халықаралық заңдарға қайшы әрекеттеріне қатысты Теһранның ұстанымдарын басқа елдерге баяндады. Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Ресейден кейін Қытайға аттанады",- деді.