Зариф: "Ортақ қадам" АҚШ үкіметіне сенім артуға болмайтынын дәлелдеді
https://itolqyn.com/news/iran-i38266
Иран СІМ Иран мен "алтылық" тобы арасындағы "Ортақ қадам" келісіміне үш жыл толуына орай сөйлеген сөзінде: ""Ортақ қадам" АҚШ үкіметіне ешқандай келісім бойынша сенім артуға болмайтынын дәлелдеді",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 15, 2018 14:15 Asia/Almaty
  • Зариф:

Иран СІМ Иран мен "алтылық" тобы арасындағы "Ортақ қадам" келісіміне үш жыл толуына орай сөйлеген сөзінде: ""Ортақ қадам" АҚШ үкіметіне ешқандай келісім бойынша сенім артуға болмайтынын дәлелдеді",- деп мәлімдеді.

2015 жылы шілденің он бесі күні қарқынды келіссөздердің нәтижесінде Иран мен "алтылық» тобы (Ұлыбритания, Франция, Ресей, ҚХР, АҚШ және Германия) арасында ядролық келісімге қол қойылды. Алайда АҚШ 2018 жылдың мамыр айының сегізі күні келісімнен шықты.

Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Иран уәдеде тұру бойынша АҚШ-қа сенім артуға болмайтынын білді. Бүгінде Вашингтонның одақтастарының да осы мәселеге көздері жетіп отыр. "Ортақ қадам" Дональд Трамп үкіметіне ешқандай келісім бойынша сенім артуға болмайтынын дәлелдеді. Бірақ АҚШ-тың әрекеттеріне қарамастан, "Ортақ қадам" өзінің үшінші жылдығында әлі де көпжақты дипломатияның жеңісі ретінде бағаланып отыр",- деп жазды.