Революция жетекшісі Иранның экономикалық қиындықтарды жеңетін әлеуеттерін қуаттады
(last modified Mon, 16 Jul 2018 14:04:16 GMT )
Шіл 16, 2018 20:04 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі Иранның экономикалық қиындықтарды жеңетін әлеуеттерін қуаттады

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні Иран президенті және үкімет мүшелерімен өткізген отырыста елдің экономикалық қиындықтарын жеңудегі әлеуеттерін қуаттады.

Революция жетекшісі отырыста Иран президентінің Еуропаға сапары кезіндегі ұстанымдарын оң бағалап: "Бөгделердің, әсіресе америкалықтардың алдында күш-қуатты көрсету қажет. Бұл әрекет дер уақытында, ашық әрі кесімді түрде жүзеге асуы тиіс. Еуропалық тараптар "Ортақ қадамға" тиісті кепілдіктерді беруі керек. Алайда еліміздің экономикасы осы мәселеге тіреліп, оған қарап қалмауы тиіс",- деп баса айтты.

 

Кез келген деңгейдегі заң бұзушылармен күресу қажет

АҚШ үкіметі "Ортақ қадам" келісімі жүзеге асырылған алғашқы күндерден бастап Иранның "Ортақ қадамнан" кейінгі кезеңдегі экономикалық пайдасы мен тиімділіктерін азайту мақсатында талпыныстарын бастаған болатын. Дональд Трамптың АҚШ-тың президенті болып сайлануымен бұл зиянкестік әрекеттер күшейе түсті.

Трамп алдын ала жоспарланған әрекеті бойынша, мамырдың сегізі күні біржақты түрде АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен шығуы және Иранға қарсы санкцияларды қайта күшіне енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл әрекет саяси және экономикалық топтар тарапынан өткір сынға ұшырады.

Bloomberg ақпарат агенттігі бұл мәселе жайында: "АҚШ үкіметі Иранға қарсы "бұрын-соңды болмаған экономикалық қысым жасауды" көздеп отыр",- деп жазды.

Алайда Еуропа одағы Американың санкцияларына қарсы табандылық танытатынын баса айтып, осы мақсатта Иранға "Ортақ қадамды" сақтап қалуға бағытталған ұсыныстар пакетін ұсынды. Бірақ, бұл әрекет Иранды қанағаттандырмады. Иран президенті Франция президенті және Германия канцлерімен телефон арқылы сұхбатта Еуропаның "Ортақ қадамды" сақтап қалу мақсатындағы ұсыныстар пакетін "келешексіз ұсыныстар" деп атап: "Иран Брюссельден мерзімі анықталған әрі айқын іс-амалдар бағдарламасын күтті",- деді.

Қазіргі жағдайда Иранның экономикасына екі шынайы қатер төніп тұр: алғашқы қауіп АҚШ пен жүйе дұшпандарының Иран халқына қарсы санкция, экономикалық соғыс пен психологиялық қысым көрсету түріндегі жиіркенішті мақсаттары. Бұл сценарийдің Иран үшін жаңалық болмағанына қарамастан, бұл мәселеге қол қусырып қарап отырмай, қастандықтармен күресуге сақадай сай болу қажет.

Атлантикалық кеңес сараптау орталығының мүшесі Барбара Славин: "Иранға қарсы қуатты лоббилік қозғалыс басталды. Олардың бірі – қысымдар мен санкцияларды жүзеге асыру",- деді. Ол бұл қозғалысты "Иран үкіметі мен халқына қарсы максималды қысым көрсету шайқасы" деп атады.

Екінші қауіп-қатерге революция жетекшісінің жуырдағы сөзінде ашық түрде сілтеме жасалған ел ішіндегі әлсіз тұстар мен кемшіліктер жатады. Хазірет осы салада кейбір органдар мен адамдардың жуырда орын алған шетелдік валюта бағамы мен шақа құнына қатысты мәселелердегі заң бұзушылықтарынан мысал келтіріп, кез келген деңгейдегі заң бұзушылармен күресу қажеттігін баса айтты.

Иранның көптеген әлеуеттерге ие екендігі күмәнсіз. Сондықтан, осы әлеуеттерді дипломатия мен сыртқы қарым-қатынастар шеңберінде тиімді пайдалануға болады. Бірақ қиындықтарды жеңу экономикалық мәселелердің барлық аспектілеріне назар аударуды қажет етеді. Сол себепті бар назарды Иранға қарсы экономикалық қысымның құрамдас бөліктеріне, яғни санкциялар мен "Ортақ қадамды" қиындыққа ұшырату мәселесіне ғана аудару экономикалық қиындықтардың шешім жолы бола алмайды.