АҚШ-тың Палестинаға қатысты қитұрқы саясаты еш уақытта іске аспайды
(last modified Mon, 16 Jul 2018 20:14:33 GMT )
Шіл 17, 2018 02:14 Asia/Almaty

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, дүйсенбі күні қажылық сапарының жауапты тұлғаларымен кездесуінде АҚШ-тың Палестинаға қатысты қитұрқы саясатының еш уақытта іске аспайтынын қуаттады.

Аятолла Хаменеи дұшпандардың, әсіресе Палестина мен Йемен мәселелері бойынша мұсылмандарға қарсы шоғырланғанына тоқталып: "Америкалықтар өздерінің қитұрқы саясатын "ғасыр мәмілесі" деп атады, бірақ илаһи көмекпен бұл мәміле еш уақытта іске аспайды, Палестина мәселесі еш уақытта ұмытылмайды. Құдс Палестинагың астанасы болып қалады",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Палестина халқының қастықтарға қарсы тұратынын,  мұсылман халықтарының Палестина халқының қолдаушысы болатыныы баса айтып: "Исламға еш сенімдері жоқ кейбір исламдық үкіметтер надандық пен дүниелік қалауларына байланысты америкалықтардың құрбаны болуда. Алайда илаһи көмекпен ислам үмбеті мен Палестина халқы  өз дұшпандарын жеңіп, заңсыз сионистік режимнің Палестина жерлеріндегі тамыры жойылатын күн келеді",- деді.

Аятолла Хаменеи қасиетті Қағба, әл-Харам мен ән-Наби мешіттерінің орналасқан жеріндегі адамдарға ғана емес,  бүкіл мұсылмандарға да тиесілі екенін қуаттап: "Ешкімнің қажылықтың шынайы түсінігіне кедергі тудыратын құқығы жоқ. Сондықтан егер қай бір үкімет бұл іске барса, Алланың жолына қарсы шыққаны",- деді.    

 

 

Тегтер