Рухани-саяси қажылық: діни жетекшінің көзқарасы
Үлкен қажылық пен зияратшылардың уәһи жеріне аттануы қарсаңында қажылыққа жауапты тұлғалар Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті.
Аятолла Хаменеи қажылықты рухният пен саясат араласқан көрініс және оның ең маңызды ерекшелігін мұсылмандардың белгілі уақытта белгілі бір мекенде жиналуы деп атап: "Шынайы қажылық – бір жағынан мүшіріктерден безу, екінші жағынан мұсылмандардың бірлігі мен бірауыздылығы",- деді.
Аятолла Хаменеи Ислам әлемінің бүгінгі ең маңызды қажеттілігін бірлігі мен бірауыздылығы деп қуаттап, дұшпандардың әсіресе Палестина мен Йемен мәселелері бойынша мұсылмандарға қарсы шоғырланғанына тоқталып: "Америкалықтар өздерінің қитұрқы саясатын "ғасыр мәмілесі" деп атады, бірақ илаһи көмекпен бұл мәміле еш уақытта іске аспайды. Палестина мәселесі еш уақытта ұмытылмайды. Құдс Палестинаның астанасы болып қалады",- деді. Ислам революциясы жетекшісінің бұл кездесудегі сөзі дағдарыстардан өтіп, дұшпандардың қастықтарына қарсы тұрудың стратегиялық маңыздылығын қуаттайды.
ИИР өткен 40 жылда және Батыс пен Шығысқа қарсыластық білдірген барлық жылдарда басын имеді. Бүгін де АҚШ Иранға қарсы тұрған кезде Иран халқы оның қастандықтарымен қарсыласуға дайын. Иран халқы Әлемдік Құдс күніне қатысты шерулері мен қажылық сияқты маңызды тақырыптарға қатысты шараларға жаппай қатысып, дұшпандарға ислам үмбетінің еш уақытта қоқан-лоққылар мен санкцияларға бағынбай, дұшпандарға іс жүзінде жауап қайтаратынын көрсетті.
Ислам әлемі – әлемдік жүйенің маңызды бөлімі. Ислам үмбетіне қарсы қалыптасқан зұлымдық ислам елдерінің дамуы арқылы өзгеруі керек. Зұлымдыққа қарсы тұратын жалғыз жол ислам әлемінің мүмкіндіктеріне сүйену болып табылады. Ислам революциясының жетекшісі Палестина халқының қастықтарға қарсы тұратынын, мұсылман халықтарының Палестина халқының қолдаушысы болатынын баса айтып: "Исламға еш сенімі жоқ кейбір «ислам үкіметтері» надандық пен дүниелік қалауларына байланысты америкалықтардың құрбаны болуда. Алайда илаһи көмекпен ислам үмбеті мен Палестина халқы өз дұшпандарын жеңіп, заңсыз сионистік режимнің Палестина жерлеріндегі тамыры жойылатын күн келеді",- деді. Ислам революциясы жетекшісінің баяндамасы дұшпандардың қастықтарымен қарсыласу үшін бірлікті сақтау қажеттігін қуаттайды.
Америкалықтар ислам әлеміне қарсы тұруға өз қаржыларын жұмсамай, оны аймақтың кейбір үкіметтерінің мойындарына артқысы келеді. Иранның тәуелсіз Ислам республика жүйесі аймақтағы қырағылығы және маңызды рөлімен бұл қастықтардың алдына бөгет қойып, «АҚШ-Израиль-Сауд Арабиясы» үштігіне аймақты жіктеп, жаңа шекаралар орнату мақсаттарын іске асыруға рұқсат бермейді.