Иран Еуропадан сөзден іске көшуді күтуде
Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі Еуропамен арадағы қарым-қатынастардың маңыздылығын қуаттауымен бірге: "Еуропалықтар ядролық мәселеге қатысты келісімге табанды болуы туралы саяси міндеттемелерінен басқа оны іске асыруы керек",- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф "Еуроньюс" арнасына берген сұхбатында: "Еуропа тек пікір айтып, мәлімдеме жариялаумен шектелмеуі керек. Өйткені, Иран Еуропадан әсіресе банктік байланыс, инвестиция, энергетика, тасымал мен шағын және орта бизнесті қолдау салалары бойынша әрекет етуді күтуде",- деп қосты.
Иран Сыртқы істер министрі Ресей мен АҚШ Президенті Владимир Путин мен Дональд Трамптың Финляндиядағы кездесуі мен олардың Сирия дағадрысын шешу туралы ұстанымдарына тоқталып: "Сирия тағдыры сол елдің халқы арқылы шешілуі керек. Сириялықтар осы уақытқа дейін көптеген қысымдар мен лаңкестік әрекеттерге қарсы табандылық танытты. Дональд Трамптың "ДАИШ-тың сәтсіздікке ұшырауы Иранның мүддесіне болмауы керек" деген сөзі АҚШ Президентінің ДАИШ лаңкестік тобын қолдайтынын растады",- деді.