Иран сионистік режимнің Парламентінде нәсілшіл жобаның бекітілуін айыптады
(last modified Sat, 21 Jul 2018 16:05:02 GMT )
Шіл 21, 2018 22:05 Asia/Almaty
  • Иран сионистік режимнің Парламентінде нәсілшіл жобаның бекітілуін айыптады

ИИР-ның СІМ-нің баспасөз хатшысы жұма күні түнде сионистік режимнің Парламенті Кнессетте «Яһуд елі» деген нәсілшіл жобаның бекітілуін айыптап, басып алынған Палестинада апартеидтің Палестина халқының ерік-жігері мен қарсыласуы арқылы жойылатынын баса айтты.

Fars хабар агенттігінің мәліметі бойынша Баһрам Ғасеми заңсыз, нәсілшіл режимнің Палестинаны басып алу және сол жердің негізгі иелерін жаппай өлтіру негізінде қалыптасқанын, осы режимнің жуырдағы әрекетін өткен 70 жылдағы аталмыш режимнің нәсілшіл болмысының  келесі дәлелі деп атап: «Американың сионистік режимді жан-жақты қолдауы мен Трамп үкіметінің өз елінің елшілігін Құдсқа көшіруі және кейбір араб елдерінің Палестина жерінің басқыншыларымен байланыстарын қалыпқа келтіруге талпыныс жасауы, бұл режимнің халықаралық ережелер мен заңдарды бұзғаны үшін жазаланбауы, Палестинаның мазлұм халқын күнделікті қыруы олардың Палестинаны яхудилендіру мен сол халықты жою саясаттарын жалғастырудағы озбырлығы мен бұл аймақта тұрақсыздық пен бейберекеттіктің көбірек артуына себеп болады» деді.

 

 

Тегтер