Ислам жүйесіндегі дипломатияның шарттары: Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сенбі күні таңертең СІМ-нің жауапты тұлғалары жəне елшілерін қабылдауында шынайы мағынада ұлттық мүдделерді қамтамасыз етіп, сақтауды сыртқы саясаттың басты мақсаты деп атады.
Аятолла Хаменеи Ислам жүйесіндегі дипломатияның шарттарын түсіндіріп: "Дұрыс революциялық рух пен мақсаттандырылған қырағы дипломатия арқылы сыртқы қарым-қатынасты кеңейтуге, жүйенің құдірет тетіктерін саяси-дипломатиялық жетістіктерге жетудің тірегіне айналдыруға болады",-деді.
Тəжірибе көрсеткендей, мықты дипломатия жаһандық қатынастар мен халықаралық сахнаның күрделі иірімдерінде дұшпанның жұмсақ соғысымен күресте негізгі бағандардың бірі, басқаша айтқанда маңызды қалқан болып табылады.
Ислам революциясы жетекшісінің Иран Президентінің жуырдағы Еуропаға сапары барысында айтқан "Иранның мұнайы экспортталмайтын болса, аймақтағы ешбір елдің мұнайы экспортталмайды" деген сөзіне тоқталуы осы саладағы анық үлгі болып табылады. Ислам революциясының жетекшісі бұл сөздерді маңызды əрі жүйенің саясаты мен қатынасынан бастау алған деп атап: "Иран СІМ-нің міндеті – ел басшысының осындай ұстанымдарын байсалды түрде ілгерілету» деді.
Ислам республикасы жүйесінің тəуелсіздік, ізет-құрмет, əділет талап ету, зорлық-зомбылық пен басқыншылыққа қарсы тұру сияқты құндылықтар мен принциптер негізінде құрылғаны анық. Бұл салада діни және ислами құндылықтар мен идеология – Иранның сыртқы саясатының принциптері мен ережелерінің ажырағысыз бөлігі. Бұл шын мәнінде бір ұлттың болмыс-бітімі саналады. Дипломатиялық аппараттың сәттілігі революциялық рух пен революциялық құндылықтарды сақтауға беріктік сияқты қасиеттердің болуын қажет ететіндігі анық.
Хазірет аятолла Хаменеи АҚШ-тың ИИР-мен терең жауластыққа ие екендігін айтып: "Елдің қиыншылықтарын АҚШ-пен келіссөздер өткізу немесе онымен байланыс орнату арқылы шешу туралы ойлау – айқын қателік. АҚШ исламдық жүйенің негізіне түбегейлі қарсы. Африка, Азия мен Латын Америкасындағы көптеген елдер АҚШ-пен байланыста болғанымен әлі күнге дейін көптеген қиыншылықтарға ұшырап отыр",-деді. Аятолла Хаменеи сыртқы саясат саласындағы қиыншылықтардан өту үшін қолданылмаған немесе аз қолданылған әлеуеттерді пайдалану қажеттігін айтып: "Еуропалықтармен келіссөздер үзілмеуі тиіс, бірақ олардың ұсыныстарын күтіп отырмауымыз керек, елге қажет көптеген істерді атқара беруіміз керек",-деді. Ислам революциясы жетекшісінің айтуы бойынша, бұл саладағы жетістіктің шарты әскери салада күш-қуат пен аймақта әсерлі құзырға ие болу екені күмәнсіз. Бұл Иранның күш-қуаты мен қауіпсіздігінің бір бөлігі және елдің стратегиялық тірегі саналады. Бұл құзыр дипломатияға негіз бола алады.