АҚШ-тың санкцияларының мақсаты – Иран халқына қысым көрсету
Иранның вице-президенті: "АҚШ-тың санкциялық бағдарламасының негізгі мақсаты Иран халқына қысым көрсету болып табылады. Олар тіпті Иран халқының негізгі қажеттіліктерінің бірі саналатын дәрі-дәрмек импорты үшін де қиындық тудырып жатыр",- деді.
Исхақ Джахангири сейсенбі күні Иранның шетелдегі өкілдіктері басшыларымен кездесуінде АҚШ-тың Иранға экономикалық қысым көрсету арқылы халықтың өміріне әсер ете алатыны туралы қате ойына тоқталып: "Халықаралық экономикалық институттардың есебіне сәйкес, Иран экономикалық жағдайы бойынша әлемдегі 18-ші орынға орналасқан. Иранның сауда айналымының көлемі шамамен 200 миллард долларды құрайды.
Иран әлемде сыртқы қарыз бойынша ең аз көрсеткішке ие болуымен қатар, Иранның шетелдегі активтерінің бір бөлігі бұғатталған",- деді.