Лариджани: Еуропалықтармен келіссөздерге иек артуға болмайды
(last modified Thu, 26 Jul 2018 07:15:07 GMT )
Шіл 26, 2018 13:15 Asia/Almaty
  • Лариджани: Еуропалықтармен келіссөздерге иек артуға болмайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, еуропалықтармен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу жайлы келіссөздер жалғасып жатқанымен олардың қандай нәтиже беретіні белгісіз. Сондықтан бұл тақырыпқа көп сенім артуға болмайды»,-деді.

Әли Лариджани елдің тағдырын уәделермен байланыстыруға болмайтынын айтып: «Сұм адамдар Иранға қиындық тудырмауы үшін ел үкіметі мүмкін жолдардың бәрін сынап көрді, бірақ дұшпандар өздерінің бүлдіргі әрекеттерін жалғастыруда»,-деді.

Лариджани, сондай-ақ, АҚШ-тың Иранмен қатынасын басқа елдермен салыстыруға болатынын айтып: «Саудиялықтар үшін бір қоңыраудан соң АҚШ-тың инфрақұрылымдарын қайта жөндеуге 250 млрд доллар бөлу немесе 110 млрд долларлық әскери құрал-жабдық сатып алу ұят болуы керек»,-деді.