Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Пәкістандағы парламенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады
https://itolqyn.com/news/iran-i38431
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Пәкістан халқының жаппай қатысуымен бұл елдегі парламенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, екі ел қарым-қатынастарының даму үдерісінің бұрынғыдан бетер нығая түсуіне үміт білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 28, 2018 13:27 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Пәкістандағы парламенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Пәкістан халқының жаппай қатысуымен бұл елдегі парламенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, екі ел қарым-қатынастарының даму үдерісінің бұрынғыдан бетер нығая түсуіне үміт білдірді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми: "Иран бұрынғыша және әрдайым, әсіресе Пәкістандағы жаңа кезеңде Иран мен Пәкістанның ұлы халықтарының мүдделері аясында дос әрі мұсылман екі елдің жан-жақты ынтымақтастықтарын кеңейтуге әзір",- деді.

Пәкістанның сайлау үдерісін бақылайтын арнайы комиссияның жұма күнгі мәлімдеген нәтижесіне сәйкес, Имран Хан жетекшілік етіп отырған Пәкістанның "Тахрике инсаф" (Әділет қозғалысы) партиясы елдің Ұлтық мәжілісінде 115 орынға ие болып, сайлауда жеңіске жетті.