Теһранда "ELECOMP" жиырма төртінші халықаралық көрмесінің ашылу рәсімі өтті
(last modified Sat, 28 Jul 2018 16:23:49 GMT )
Шіл 28, 2018 22:23 Asia/Almaty
  • Теһранда

Иранның электроника, компьютер және электронды сауда саласындағы жиырма төртінші халықаралық көрмесі (ELECOMP-2018) сенбі күні Теһранда өз жұмысын бастады.

Теһранның 24-ші "ELECOMP" көрмесінің ашылу рәсімі ИИР Президентінің ғылыми-технологиялық істер жөніндегі орынбасары Сурина Саттари және Иранның Ақпарат және байланыс технологиясы министрі Мұхаммад Джавад Азари Джахромидің қатысуымен Теһрандағы халықаралық көрмелердің тұрақты орталығында өтті.

Бұл төрт күндік көрмеде байланыс технологиясы саласындағы соңғы жетістіктер мен қызметтер жұрт назарына ұсынылады.

Электронды жабдықтар өндірушілер, байланыс операторлары, ұялы телефон байланысының виртуалды операторлары, қызмет көрсетуші компаниялар, электронды банктердің қызметін ұсынушы компаниялар, жеке сектордағы datacenter қызметтерін берушілер, онлайн жарнамалар жасайтын компаниялар мен онлайн қызмет көрсететіндер осы көрмеге қатысушылардың қатарын құрады.

ELECOMP Ирандағы электроника, компьютерлік өнімдер мен қызметтер нарығындағы ең үлкен сауда оқиғасы болып табылады. Бұл көрме 1995 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.