Баб эл-Мандеб пен Қызыл теңіздегі ешбір зымыран Иранға тиесілі емес
https://itolqyn.com/news/iran-i38450
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы: "Баб эль-Мандеб пен Қызыл теңіздегі ешбір зымыран Иранға тиесілі емес. Бірақ бұл зымырандар макро стратегиялар тұрғысынан Иранды өздерінің жанашыры санайтын күрескерлерге тиесілі",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 29, 2018 14:22 Asia/Almaty
  •  Баб эл-Мандеб пен Қызыл теңіздегі ешбір зымыран Иранға тиесілі емес

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы: "Баб эль-Мандеб пен Қызыл теңіздегі ешбір зымыран Иранға тиесілі емес. Бірақ бұл зымырандар макро стратегиялар тұрғысынан Иранды өздерінің жанашыры санайтын күрескерлерге тиесілі",-деді.

Йемен армиясы 25 шілдеде осы елдің батыс жағалауында саудиялық бір кемені зымыранмен нысанаға алды. Осыдан бұрын йемендік күштер саудиялық басқыншы коалицияға тиесілі бір соғыс кемесін әл-Ходайда облысындағы жағалауға жақын жерде нысанаға алған болатын.  Саудиялық басшылар Иранды Йеменге зымыран жібереді деп айыптап отыр.

Хешматулла Фалахатпише: "Осындай зымырандарды саудиялық кемелерге ататын топтар – саудиялықтардың олардың жаны, малы мен балаларына рақыммен қарамайтынын білетін арабтілді топтар",-деді.