Зариф: АҚШ санкцияға деген тәуелділіктен айрылуы тиіс
Иран СІМ АҚШ-тың басқаларға санкция салуға деген тәуелділігіне сілтеме жасап: "АҚШ тек Иранға ғана санкция жарияламайды. Бүгінгі таңда Еуропа да көптеген санкцияларға ұшырап отыр. Сондықтан Еуропа өзі мен АҚШ-тың мүдделері арасынан біреуін таңдауы тиіс",- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Теһранда өткен Иран елшілері және өкілдіктері басшылары мен жеке сектордың қатысуымен өткен бірлескен форумында: "Бүгін АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары өз заңдылығынан айрылған. Себебі, америкалықтар басқаларды БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бекіткен заңдарына қайшы әрекет етуге итермелеуді көздеп отыр. Иран қысымдарды ұлттық өндіріс пен мұнайдан тыс экспорт көлемін арттыруға айналдырып, америкалықтарға санкцияларға деген тәуелділіктен айрылу керектігін көрсете алады",- деп мәлімдеді.