Лариджани: Дұшпанның тыңшылық ұйымдары Иранға зиян келтіруді мақсат тұтады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Дұшпанның тыңшылық ұйымдары әртүрлі қалыптарда Иранның экономикасына зиян тигізуді мақсат тұтады»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани дүйсенбі күні: «Дұшпандар Иран мұнайының сатылып, банкаралық қатынасқа кедергі жасауды көздеп отыр. ИИР-ның жүйесі АҚШ-тың қастандықтары салдарынан халыққа экономикалық қысым түспеуі үшін барлық шараларды ойластырды»,-деді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің саясат белгілеу департаментінің басшысы Брайан Хук 2018 жылдың 2 шілдесінде Трамп үкіметінің Иранға қатысты жаңа стратегиясын баяндап: «АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының көлік жасау және алтын саласын қамтитын екінші кезеңі 2018 жылдың 4 тамызынан басталады. Оның Иранның қуат көздері мен банкаралық ақша аударымдарына қатысты екінші бөлігі ағымдағы жылдың 4 қарашасынан бастап іске қосылады»,-деп мәлімдеді.