Иран Президентінің кеңесшісі Трамптың Иранмен келіссөз жүргізуге дайындығы туралы сөзіне реакция білдірді
АҚШ Президенті Дональд Трамптың ешқандай алғышартсыз ИИР басшыларымен келіссөз жүргізуге дайындығы туралы сөзінен бірнеше сағат өткен соң Иран Президентінің кеңесшісі бұл ұсынысты жарнама деп атап: «Диалогты қоғамдағы қайшылықтарды шешудің жолы санайтын адамдар оның құралына да берік болуы тиіс»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хамид Абуталеби: «Бүгінде АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін осы елдің басшысы ИИР-ның басшыларымен ешбір шартсыз кездесуді ұсынып отыр. Оның басты мақсаты қоғамдық пікірді Вашингтонның ядролық келісімге қатысты уәде бұзушылықтарынан алдарқату болып табылады»,-деді.
Абуталеби Иран халқына құрметпен қарап, жауластықты азайтып, АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралуды Иранмен байланыстың ауыр жолын жеңілдететін шарттар деп атап: «2015 жылы БҰҰ-да екі ел басшыларының телефон арқылы сұхбаты диалог құралына берік болу арқылы өзара сенім тудыру жолында қадам басуға болады деген пайымға негізделген болатын»,-деді.