Шіл 31, 2018 21:33 Asia/Almaty
  • Еуропаның АҚШ-тың

ИИР президенті Рухани: "Ортақ қадам" бағдарламасының аса маңызды тарихи кезеңде тұрғанын баяндап, Еуропаның АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" заңсыз түрде шығуының орнын толтыру үшін жасап жатқан әрекеттерін өте маңызды деп бағалады.

Рухани сейсенбі күні Ұлыбританияның Теһрандағы жаңа елшісі Роберт Макэйрдың сенім грамоталарын қабылдаған кезде "Ортақ қадам" бағдарламасының сауда-саттық, экономика және банктік қатынас салалары бойынша келісімге кейбір қол қоюшылар тарапынан толық жүзеге аспауын сынап: "Иран әрдайым Еуропа елдерімен байланыстарын арттырып, жақсы қарым-қатынас құруға дайын.

ИИР ешқашан аймақта текетірес тудыруды көздемеді. Әлемдік су жолдарында қиындықтың туындауын қаламайды. Алайда ол өзінің мұнай экспорттау құқығын бұзуға жол бермейді",- деп баса айтты.

Рухани сондай-ақ, Иран мен Ұлыбритания басшыларының екіжақты және халықаралық мәселелер жөніндегі кездесулері мен келіссөздерін сындарлы деп бағалап, соңғы жылдары Иран мен Ұлыбританияның екі ел арасында жақсы қатынас пен байланыс орнатуға ерік білдіргенін мәлімдеді.

 

 

 

 

Тегтер