Калин АҚШ-тың Анкараға қарсы санкцияларына жауап қайтару қажеттігін қуаттады
Там 01, 2018 15:25 Asia/Almaty
Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибраһим Калин сейсенбі күні Түркияның АҚШ-тың Анкара үкіметіне қарсы тыңшылық және лаңкестік әрекеттер жасады деп айыпталған америкалық шіркеу қызметкері Эндрю Бронсонға қатысты кез келген санкциясына қатаң жауап қайтаратынын мәлімдеді.
Reuters ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Түркияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі де мәлімдеме жариялап, америкалық басшылардың Түркияға қарсы қолданып жатқан қоқан-лоққысын екі ел қарым-қатынастарына деген құрметсіздік деп атады.
Тегтер