Иран мен Ұлыбританияның елшіліктері виза беретін болады
Иран мен Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлері Теһран мен Лондонда екі елдің елшіліктерінде виза беру бөлімінің іске қосылатынын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Филип Хэммонд жұма күні Лондонда бірлескен баспасөз конференциясын өткізіп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы орындалғаннан кейін екіжақты қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттап, Теһран мен Лондондағы екі елдің елшіліктерінде виза беру бөлімдерінің бір айдан кейін іске кірісетіндіктерін хабарлады.
Тараптар, сондай-ақ, екіжақты байланыс деңгейін жоғарылату мақсатында құқықтық белгісіздік және заңдық кедергілерді жою үшін өз талпыныстарын күшейте түсетіндіктерін де баса айтты.
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Иран мен Ұлыбритания банктері арасында байланыстың орнауының кешеуілдеуі туралы айтқан сөзінде: «Германия, Франция және Иран Сыртқы істер министрлерінің әріптестігімен осы саладағы қиындықтарды шешуді көздеп отырмыз»,-деді.
Иранның Сыртқы істер министрі де баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде Ұлыбританияның Қаржы министрі Джордж Озборнмен кездесуде екі елдің банктері байланысындағы бұлыңғырлықты жою қажеттігінің баса айтылғанын мәлімдеді.