Ұтымды жағдайды анықтап, абырой-айбынды сақтау – кез келген дипломатиялық келіссөздің басты тіректері
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Амир Абдуллахиан ұтымды жағдайды анықтап, абырой-айбынды сақтауды кез келген дипломатиялық келіссөздің басты екі тірегі деп атады.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хосейн Амир Абдуллахиан Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында АҚШ Президентінің жуырда ИИР-мен келіссөз өткізуге өтініш білдіргеніне тоқталып: "АҚШ-пен келіссөз өткізу ешқашан "табу" болған емес. Екі ел Сыртқы істер министрлерінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша ондаған рет кездесуі және Бағдад келіссөздерінің үш кезеңін өткізу – осы сөзіміздің дәлелі. Қиындық – келіссөз өткізуде емес, АҚШ-тың үстемшіл қатынасы, үлкен қылмыстары және сан рет уағда бұзуында",-деді.