Иран үкіметі АҚШ-тың санкцияларына айбынмен қарсы тұрады
(last modified Mon, 06 Aug 2018 09:27:07 GMT )
Там 06, 2018 15:27 Asia/Almaty

ИИР Орталық банкінің басшысы жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде Иран Ислам Республикасының экономикасы мен валюталық қорының жағдайын өте жақсы деп бағалады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Абдул Насер Хеммати Иранның екінші арнасына берген арнайы сұхбатында АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкцияларға оралуына тоқталып: "Иран үкіметі АҚШ-тың санкцияларына айбынмен қарсы тұрады",- деп мәлімдеді.

Иран Орталық банкінің басшысы сейсенбіден бастап Иранда жаңа валюталық іс-шаралар пакетінің жүзеге асатынын айтып, негізгі тауарлар, дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде ешқандай қиындық жоқ екенін баса айтты.