Ғасеми: АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары пайдасыз
(last modified Mon, 06 Aug 2018 16:30:41 GMT )
Там 06, 2018 22:30 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына тоқталып, оларды пайдасыз әрекет және нәтижесіз тәжірибе деп атады.

Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында АҚШ санкцияларының Иранның ерік-жігері мен экономикалық құрылымына айтарлықтай әсер ете алмайтынын айтып: "Иран – аймақтағы маңызды ел және қазіргі таңда жаһандық қолдауға ие. АҚШ әлем елдерінің компанияларына Иранмен әріптестік жасайтындықтарына байланысты қиындықтар тудырып, қоқан-лоққы жасағанына қарамастан, олар Иранмен жұмыс жасауға ынталы",-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы бұл шараның негізгі жеңілушісінің АҚШ Президенті  Дональд Трамп болатынына тоқталып: "Иран халқы тарих бойында және өткен онжылдықтар барысында көрсеткендей, осы қысылтаяң шақтан да сәтті өтеді",-деп қуаттады.

Ғасеми, сондай-ақ, кейбір ақпарат құралдарының АҚШ-тың келіссөз жүргізу үшін Иранның шарттарын қабылдағаны туралы уәждерін теріске шығарып, ақпарат құралдарының уәждерін қауесет деп атады.

Трамп 2018 жылдың 8 мамырында Иранға қарсы негізсіз айыптарын қайталап, Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатынын және Иранға қарсы ядролық санкциялардың қайта күшіне енгізетінін жариялады.  АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының көлік жасау және алтын салаларына қатысты жаңа кезеңі бүгін, дүйсенбі, 2018 жылдың 6 тамызынан бастап іске қосылды.