Зариф: АҚШ-тың екіжүзділігінде шек жоқ
https://itolqyn.com/news/iran-i38566-Зариф_АҚШ_тың_екіжүзділігінде_шек_жоқ
ИИР Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні кешке АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы заңсыз санкцияларды қайтаруына реакция білдірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 07, 2018 14:50 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-тың екіжүзділігінде шек жоқ

ИИР Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні кешке АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы заңсыз санкцияларды қайтаруына реакция білдірді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "АҚШ әлемге Иран халқының жағдайына алаңдайтынын көрсеткісі келеді, алайда жалған сылтаулармен санкцияларды қайтару арқылы Иранға жолаушы тасымалдаушы 200 ұшақтың сатылуына кедергі келтірді. Бұл ирандықтардың жанын қатерге тігеді",-деп жазды.

Зариф АҚШ-тың Иран халқына қарсы қастық шараларын айыптап: "АҚШ-тың екіжүзділігінде шек жоқ",-деді.

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бір бейне жолдауда АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы санкцияларды қайтаруын қолдап, Еуроодақты да Теһранмен келіссөздерді тоқтатып, АҚШ-қа қосылуға шақырды.