Рухани: Трамптың мақсаты – Иранда психикалық соғыс тудыру
ИИР Президенті: "Біздің ойымызша, Трамптың кейбір сөздерді, соның ішінде Иранмен келіссөз жүргізуге әзірлігі туралы айтқан сөздеріндегі мақсаты осы психикалық соғыста Иран халқының ойында күмән тудырып, соны алдағы айларда Конгреске сайлау үшін пайдалану болып отыр",-деді.
Хасан Рухани дүйсенбі күні кешке Иран халқымен теледидар арқылы тікелей сұхбатта АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін қиын жағдайға түскенін айтып: "Қазіргі таңда Трамп Иранмен келіссөз жүргізу жайлы ұсыныс жасау арқылы жоғалтқан беделін қайтарып алумен қоса, өзін Иран халқының досы ретінде таныстыруды көздеп отыр.
Келіссөз жүргізуге ынталымын деп уәж айтатын адам келіссөздің басты негізінің шыншылдық екенін білуі тиіс, бірақ біздің қарсы тарабымыз – ешбір келіссөзсіз халықаралық келісімдерден, соның ішінде Париж хаттамасы мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына шыққан адам. Сондықтан мұндай адаммен келіссөз өткізуге иек артуға болмайды",-деді.
Рухани, сондай-ақ, АҚШ-тың Иранға қарсы әртүрлі салаларда, соның ішінде экономикаға қатысты заңсыз әрі әділетсіз санкцияларының жаңа кезеңін іске қосқаннан кейін туындаған кейбір қиыншылықтарды шешу үшін жобалаған үкіметтің бағдарламаларын түсіндіріп, Иран үкіметінің басқа билік органдарымен бірге бар күш-қуатын экономиканы басқарып, қиындықтарды шешуге жұмсап жатқанын қуаттады.