Зариф Трамптың "әлемдік бейбітшілік" туралы твитіне жауап берді
ИИР СІМ Мұхаммад Джавад Зариф Трамптың "әлемдік бейбітшілік" орнату туралы уәжіне жауап беріп: "Көп сөйлеп, твиттер жариялау әлемнің АҚШ-тың біржақтылығынан шаршағаны туралы ақиқатты өзгерте алмайды",- деп жазды.
Трамп сейсенбі күні Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында компанияларға Иранмен сауда жүргізуге қатысты ескерту жасап: "Олар Иранмен мәміле жасайтын болса АҚШ-пен мәміле жасауға тыйым салынады",- деп жазды. Трамп бұл әрекеттерді жүзеге асырудағы өз мақсатын "әлемдік бейбітшілік" орнату деген уәж айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Зариф: "АҚШ-тың саудасын тоқтатып, АҚШ-тағы 100 000 жұмыс орнын жою біз үшін мәселе емес. Бірақ әлем асығыс жазылған твиттерлік нұсқауларға құлақ аспайды. Мұны Еуропа Одағы, Ресей, Қытай мен Иранның ондаған серіктестерінен сұраңыздар. Халықаралық қатынастар бір сөзді қайталай беретін келбеттілерді таңдайтын жарыс емес. Соғысқұмар бір адамның "әлемдік бейбітшілік" үшін деп соғыс бастауы да алғашқы рет емес",- деді.